CaspianLife, 26 тамыз. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркебұлан Әбілқасымов мәлім етті,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникацилар қызметі.
-Біз жұмыс берушілерден мүгедектігі бар азаматтар үшін вакансия бөлуін сұраймыз. Жыл басында бөлінген жұмыс орындары бойынша жоспар бекітіп, оларға квота бөлеміз. Алайда, оны орындамайтын мекемелер бар. Қазіргі уақытта, оладың тізімі анықталып прокуратураға және Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасына жолданды, — деді ол.
Еркебұлан Әбілқасымовтың айтуынша, жыл басынан бері 735 адамға әлеуметтік қолдау көрсетілген. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулілерге қайтарымсыз 18 грант беріліп, мүгедектігі бар 130 адам «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздегі оқуға жолданды.
Анықтама үшін: жыл басынан бері 219 адам тұрақты жұмысқа, 290 адам ақылы қоғамдық жұмысқа орналасып, 12 түлек жастар тәжірибесіне жолданды. Сонымен қатар, «Күміс жас» жобасымен егде жастағы 30 еңбеккер жұмысқа орналасып, «Ұрпақтар келісім-шарты», «Алғашқы жұмыс орны» жобалары бойынша 6 жас еңбекке араласты.