CaspianLIfe, 19 тамыз. Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Құрық» кеден бекетінде, халықаралық теңіз портында орналасқан, кедендік бақылау барысында кеден бекетінің қызметкерлері шекара нарядымен бірлесіп Ақтау – Баку бағытымен жүрген 1966 жылы туған Түркия азаматынан 14600 АҚШ доллары сомасында декларацияланбаған валюта табылды.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР кодексінің 150-бабына сәйкес декларант осы баптың 2-тармағының 3-бөлігінде көзделген міндеттерді орындамағаны немесе тиісті емес орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Құқық бұзушыға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік материал жасалды, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.