Caspian Life, 15 тамыз. Былтыр Атырау облысы бойынша 100 заңсыз қоқыс орны анықталған. Жергілікті экология департаментінің дерегінше, оның 95-і толықтай тазартылыпты. Ал биыл осындай 3 аумақ табылды. Оның барлығы да Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай ауылдық округінде орналасқан екен. Жауаптылар ол аумақты да тазалап үлгеріпті. Экология департаменті осындай заңсыз қоқыс орындарының санын азайту мақсатында рейдтік шараларды қолға алған. Оған экологтардан бөлек, «Арнаулы автобаза» қызметкерлері және қалалық ТҮКШ пен полиция өкілдері ат салысуда.
Темірлан БОЛАТҰЛЫ, Атырау облыстық Экология департаменті бөлімінің бас маманы
Сонымен қатар, мына қоқыс орындарының көбеюі себебі — Атырау қаласы тұрғындарының мына заңсыз белгіленбеген орындарға төгуі фактілері көп орын алуда. Бұл мәселе жылдан жылға үлкеюде. Сол себепті алдағы уақытта құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мониторинг жүргіземіз.