Caspian Life, 13 тамыз. “Биыл облыста жатақхана тапшылығы болмайды”-дейді облыстық білім беру басқармасының өкілдері. Олардың сөзіне қарағанда облыс орталығындағы екі бірдей жоғары оқу орнының жатақханалары студенттерді қабылдауға дайын. Мысалы Сафи Өтебаев атындғы Атырау мұнай және газ университетіне тиесілі студенттерге арналған екі бірдей жатақхана биыл жөндеуден өткен. Жалпы орын саны 376.
Өткен жылы мұнда 256 студент орналасыпты. Ал қалған бос орынға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері жайғасқан. Аталған оқу орнының балансында 3 жатақхана бар. Бірақ біреуі былтыр апатты деп танылғандықтан, ондағы студенттер биыл басқа жерлерде тұрады. Студенттер жатақханаға 25-30 тамыз аралығында орналаса бастайды, ең бірінші кезекте осал топтан шыққандар қамтылады.
Сайран Сабырұлының айтуынша апатты жағдайда тұрған нөмірі 2-жатақхананы жөндеуден өткізу үшін қажетті құжат дайын тұр. 1000 орындық ғимараттың құрылысы келесі жылы басталмақ. Ал аймақтағы колледждер туралы айтар болсақ, Атырау облыстық білім беру басқармасы ұсынған мәліметке қарағанда өңірде олардың саны 24.17 сі мемлекеттік, 7 жекеменшік. Бәрінің де жатақханасы жөндеуден өткізіліп, адам қабылдауға сақадай сай тұр. Қанша сұраныс болса да қанағаттандыруға дайын дейді, — Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Түнқатарова.