CaspianLife, 12 тамыз. Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында ТЖ қызметкерлері суға батып бара жатқан ер адамды құтқарды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді. Оқиға Түпқараған ауданында болған. 2003 жылы туған ер адам Каспий теңізінің жағалауында шомылуға жабдықталмаған жерде суға түсіп, өз бетінше жағаға шыға алмаған.
«Жедел-құтқару жасағы жас жігітті судан шығарып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды. Зардап шегуші ауруханаға жатқызылды», — делінген хабарламада.
ТЖМ азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады!