CaspianLife, 5 тамыз. Қазан айынан бастап Атырау мұнай өңдеу зауыты жоспарлы жөндеуге байланысты уақытша жұмысын тоқтатады.
Бұл — зауыттың бас директоры Ғалымжан Жусанбаевтың басшылығымен жасалатын алғашқы жөндеу болмақ. Естеріңізге салайық, Жусанбаев 2024-жылдың ақпанында жұмыстан шығарылғаннан кейін 2024-жылдың 30-маусымында қызметіне қайта оралды. 2024-жылдың 10-қаңтарында қызметіне қайта тағайындалған соң ол зауыттың менеджментін алдыңғы жөндеу-профилактикалық жұмыс негізінен қағаз жүзінде жасалғанын және бөлінген қаражаттың ұрланғанын айыптаған болатын. Енді жаңа директордың не жөндейтініне назар аударайық.
25-шілдеде Ғалымжан Жусанбаев Атырау және Павлодар МӨЗ-де көптеген жыл бойы ауқымды көлемдегі жөндеу жұмысын жүргізу үшін тұрақты келісім-шартқа отырған AVC Group фирмасының басшылығымен кездесті.