CaspianLife, 2 тамыз. Криминалдық полиция басқармасының киберқұқықбұзушылықпен күрес тобының қызметкерлері 36 жастағы күдіктіні ұстады.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті банктің қосымшасы арқылы бөтен азаматтар атынан шамамен 7 миллион теңге сомасында несие рәсімдеген деп күдіктелуде. Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеудің мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.