CaspianLife, 22 шілде — Қаладағы Қожақаев 1 және Достық 12 мекенжайында орналасқан апатты үйлердің тұрғындарына қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Мереке Зинуллин баспана кілтін табыс етті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Салтанатты шарада Мереке Зинуллин тұрғындарды жаңа қоныстарымен құттықтады:
— 1960 жылы салынған екі қабатты үйлер апатты деп танылды. Бүгін сол меншік иелеріне қалалық бюджет қаржысына «Samal Town» кешенінен пәтер сатып алып, кілтін табыс етудеміз. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасады, — деді М.Зинуллин.
Айта кетейік, жыл басынан бері 64 апатты үй тұрғындарына жаңа пәтер берілген.