Х.Досмұхамедов атындағы АтУ жатақханасы мен APEC жоғары колледжінің базасындағы эвакуациялық пункттерінде орналасқан тұрғындар 7 маусым күні толықтай өз үйлеріне оралды, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.
Атырау қаласы бойынша барлығы 94 эвакуациялық пунктте тұрғындарға 10 250 орын дайындалды.
⁃ Өткен жұмада екі эвакуациялық пунктке орналастырылған Талдыкөл ауылының 180 тұрғыны үйлеріне оралды. Қазіргі уақытта Атырау қаласында эвакуацияланған адамдар қалмады, деп нақтылады Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.