Облыстың жаңа бас санитар дәрігері тағайындалды. Бұл қызметті енді Сәдуақас Байғабұлов атқарады.
Ол Қазақстанның Көліктегі бас санитар дәрігері лауазымында қала отырып, аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға жауап береді. Сәдуақас Байғабұловтың бұл салада 20 жылдық тәжірибесі бар. Ол Павлодар облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында санитарлық дәрігер қызметін атқарған.
Айта кетейік, бұған дейін облыстың бас санитары міндетін Мейіржан Есімбаев, Темірбек Мұсағалиев және Амантай Жұмағалиевтар атқарған еді.