CaspianLife, 23 мамыр — Жайық өзені суының Атырау-Орал тасжолының 80-85 шақырымы аралығында арнасынан асуына байланысты жеңіл автокөлік қозғалысы бүгіннен бастап жабылуы мүмкін.
Бұл жөнінде Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев хабарлады.
Көлік қозғалысына балама ретінде жергілікті маңызы бар Атырау-Индер тасжолымен, Махамбеттың тұсындағы көпір арқылы жүруге жағдай жасалған.