CaspianLife, 23 мамыр — Махамбет ауданы, Жалғансай ауылында түн ортасына жақын тұрғызылған бөгет бұзылды, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.
Қазіргі уақытта ауылдық медициналық пунктті су басу қаупі бар.
Сағат 01.20-да ескерту сирена қосылды. Ауыл тұрғындарын мектеп ғимаратына, сондай-ақ аудан орталығына эвакуациялау басталды.
Жағдайды тұрақтандыру үшін аудан орталығынан қосымша күштер сұралды. Қазіргі уақытта қауіпті жою үшін 15 техника мен ҚМ жеке құрамының 50 сарбазы жұмылдырылды. Төтенше жағдай орнында облыс әкімі барды.
Айта кетейік, Жалғансай ауылы Махамбет ауылының аудан орталығынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан. Жалғансай ауылының халқы-1286 адам. Үйлердің саны — 237.