CaspianLife, 16 мамыр — Жайық өзені 16-мамыр күні Индербор кентінің тұсында 4 см-ге төмендеп, 10 метр 35 см-ді көрсетті. Бірақ шекті деңгейден әлі де 190 см асып тұр.
Ал Махамбет ауылының маңында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 7 см-ге көтеріліп, 995 см-ге жетті. Қауіпті саналатын межеден 145 см асып кетті.
Облыс орталығы — Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір күн ішінде 4 см-ге көтеріліп, қазір 557 см болып тұр. Қауіпті деңгейден 7 см асқан.
Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі 1 см-ге төмендеп, қазір 363 см-ді көрсетті. Қауіпті деңгей 5 метр. Қиғаш-Бөкейхан бекетіндегі су деңгейі өзгеріссіз — 228 см.