CaspianLife, 30 сәуір — Бүгін Жайық өзенінің деңгейі Индербор кентінің тұсында 25 см-ге көтеріліп, 693 см-ге жетті. Қауіпті деңгей 845 см. Махамбет ауылы маңында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 10 см-ге көтеріліп, су деңгейі 764 см-ді көрсетіп тұр. Қауіпті деңгей 850 см.
Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 4 см-ге көтеріліп, қазір 446 см боп тұр, қауіпті деңгей 550 см. Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі тәулік ішінде 4 см-ге көтеріліп, қазір мұндағы су деңгейі 344 смге жетті. Қауіпті деңгей 5 метр. Жем өзенінің деңгейі бір күн ішінде 3 см-ге төмендеп, 150 см-ді көрсетті.
БҚО-дағы Январцево ауылы мен Орал қаласының тұсында Жайық деңгейі 30-сәуір күні 10, Көшімде 6 см түссе, Тайпақта 32 см-ге көтерілді. 30-сәуір күні Иреклі суқоймасынан секундына 141 текше метр су жіберіліп жатыр.