CaspianLife, 24 сәуір — 23 сәуір күнгі мәлімет бойынша, тасқыннан зардап шеккен азаматтардан 2315 өтініш қабылданып, қазіргі уақытта объектілерді техникалық тексеру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«18 сәуірден бастап залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия жұмысын бастады, азаматтардан өтініштерді қабылдау бойынша 3 пункт жұмыс істеуде. Сонымен бірге,
22 сәуірден бастап нысандары су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге зиянды өтеу жөніндегі консультациялық орталық жұмыс істей бастады. Консультациялық орталық №15 мектепте орналасқан. Бүгінгі таңда барлығы 82 кәсіпкер кеңес алды» делінген Жылыой ауданы әкімдігінің мәліметінде.