CaspianLife, 23 сәуір — Сәуір айы басталғалы бері Жайық өзенінен 30 сынама алынды.
Атырауқаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Қаламқас Аманжулованың айтуынша, сәуір айынан бері Жайық өзенінен вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық сынамалар алынып басталған.
«Тасқын жағдайына байланысты, Жайық өзенінің бірнеше нүктесінен сынамалар алынып отырады. Бұған дейінгі сынамалардан лайлылық, түс пен дәмнен сәйкессіздіктер анықталды. Бірақ, ол жағдайлардың адам денсаулығына зияны жоқ» деді спикер.