CaspianLife, 16 сәуір — «Атырау жылу электр орталығы» АҚ президенті Мақсат Аленов тұрғындар тарапынан алаңдаушылық туындап отырған осы мәселеге жауап берді.
«Жайықтың аузынан Жоғарғы Перетаска каналына су алатын жерімізде балық қорғайтын үлкен бөгет бар. Тасқынның алдын алу мақсатында біз жалпы ұзындығы 750 метр болатын Азаттық көшесіне дейін, жоғарғы Перетаскада екі жағына да бөгет жасалды.
Азаттықтың қасына дейін де бөгет соғылды. Тұрғындар бұл жұмыстарға қатысты. Азаттықтан кейін қарай төменгі Перетаскаға артық су жіберілмейтінін сенімді түрде мәлімдеймін.
Аталған елдімекендерді су басады деген ақпарат жалған.
Қазіргі уақытта су деңгейін үнемі бақылуымызда. Төменгі Перетаска каналының «Атырау жылу электр орталығы» каналына қосылатын жеріне қосымша бөгет соғылды. Қазіргі уақытта Балықшы, Курилкин бетіне қарай жолда бөгет салынуда.
Тасқалаға кететін шлюздардың техникалық жағдайы тексерілді, олар жабық тұр. Су тасқыны өткенше, ол шлюздар ашылмайтын болады. Қауіпті жағдай орын алған кезде, суды Теңіз жаққа бағыттайтын шлюздарымыз бар», -деді «Атырау жылу электр орталығы» АҚ президенті Мақсат Аленов.