CaspianLife, 29 ақпан — Абдолла Әбдірахманов 1921 жылы Гурьев облысы, Жылыой ауданы, Амангелді ауылында (қазіргі Ақкиізтоғай ауылы) дүниеге келген. Атасы Әбдірахман діни сауатты болған. 1938 жылы «халық жауы» ретінде тұтқындалып, кейін бостандыққа шығады, ал 1941 жылы қайтадан тұтқындалып, Шымкент түрмесінде қайтыс болды.
22 жастағы Абдолла Әбдірахманов соғыс жылдарында Қосшағыл ауылында мұнай өндіруші аға оператор болып жұмыс істеген. 1948 жылы 6 маусымда небәрі үш жылдық білімі бар жас жігітті Ішкі істер халық комиссариаты «жапон тыңшысы» деген айыппен ұстайды. Бір айдан кейін Гурьев облыстық соты оны КСРО Қылмыстық кодексінің 58-бабының 10 және 14-тармақтары бойынша он жылға мәжбүрлі еңбекпен түзеу лагеріне жіберді.
Әбдірахманов Сусуманда орналасқан Магадандағы алтын кенішінде жұмыс істеуге мәжбүр болды. Ол өзінің естелігінде қазақтың қайсар ақыны Мағжан Жұмабаевпен бірге қызмет еткенін айтады.
А.Әбдірахманов 1948 жылы 9 шілдеде сотталып, 1997 жылы 25 қарашада ақталды. 1954 жылы елге оралып, 1980 жылға дейін мұнай кәсіпшілігінде еңбек етті.