CaspianLife, 28 ақпан — Кеше Атырау мұнай өңдеу зауытының шенеуніктеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды деген ақпарат тараған еді.
Ал бүгін Атырау мұнай өңдеу зауытының экс-бас директоры Мұрат Досмұратовтың 72 сағатқа қамауға алынғаны туралы ақпарат келді. Ол билігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Сотқа дейінгі тергеу аясында келтірілген шығын әзірге шамамен 2 миллиард теңгені құрайды.