CaspianLife, 27 ақпан — 26 ақпан күні сағат 18:30-да бутенді олигомеризациялау қондырғысында қондырғыны іске қосуға арналған бензин коллекторынан қуыс табылған.
— Өнімді жылдам ығыстыру үшін бұл желіге 15 кгс/кв қысыммен су жіберілді. Қазіргі уақытта ақауды жою бойынша жедел шаралар қабылданды. Барлық технологиялық қондырғылар қалыпты жұмыс істеп тұр, мұнай өнімдерін өндіру және жөнелту жоспарға сәйкес жүргізілуде, деп хабарлады баспасөз қызметі.
Әзірге қанша бензин төгілгені белгісіз, қызметтік тергеу жүріп жатыр.
«Қазіргі уақытта зауыт прокурорлар мен экологтар тарапынан кешенді тексеруден өтуде, бұл жерде бензиннің төгілу фактісі ескеріледі», — деп хабарлады табиғатты қорғау департаментінің баспасөз қызметі.