CaspianLife, 5 ақпан — Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаулыға қол қойды.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын. Қазақстан Республикасы Премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін», — делінген қаулыда.