CaspianLife, 31 қаңтар — Депутаттар «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері туралы» заң жобасын қарастыруды алға тарта отырып педофильдерді өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын ұсынды.
Ұсынылған заң жобасында ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру әкімшілік жаза емес, қылмыстық жаза ретінде қарастырылған.
Сонымер қатар, заң жобасында:
жәбірленушіні күтпей-ақ зорлық-зомбылық туралы БАҚ немесе онлайн-платформалардағы ақпарат негізінде тиісті шаралар қабылдау құқығын беру;
отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлқын өзгерту үшін сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу уәкілетін беру;
педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы арнайы норма қарастырылған.