Энергетика министрлігі жаңа жылда автогаздың бөлшек саудадағы бағасын көтермеуді жоспарлап отыр. Жаңа бұйрықты дайындаған ведомства оны Ашық нормативтік құқықтық актілер порталына ашық талқылауға шығарды.
Ресми құжаттағы мәліметке сүйенсек, сұйытылған отынның бөлшек саудадағы құны өзгеріссіз қалады. Естеріңізге сала кетейік, сұйытылған газдың бағасы соңғы рет шілде айында көтерілген еді. Сол кездегі шекті бағаға сәйкес Атырау, Ақтөбе мен Маңғыстау облысында автогаздың литрі 54 теңге болып қала бермек. Астана қаласында, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Абай, Жетісу, Ұлытау және ШҚО-да сұйытылған отынның бөлшек саудадағы құны 76 теңге, Алматы қаласы, Алматы және СҚО-да — 81-теңге.
Шымкент қаласында, Қызылорда, Түркістан, Павлодар, Жамбыл мен БҚО-нда да газ бағасында өзгеріс байқалмауы керек. Жоба 19 желтоқсанға дейін талқыланады.