CaspianLife, 8 желтоқсан — ҚР Сауда және интеграция министрлігі «Қазақстан Республикасы аумағындағы уақыт есептеу тәртібі туралы» Үкімет қаулысына тиісті түзетулер жобасын дайындады, деп хабарлайды CaspianLife.
Жобаға сәйкес, 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні сағат 00-00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжытпақ.
Осылайша, Қазақстанның барлық аумағы 5-ші сағаттық белдеуде орналасады.
Қазір Қазақстанда екі уақыт белдеуі (UTC+5, UTC+6) қолданылып келеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстары 4-ші сағаттық белдеуде (UTC+4+1) орналасқан. Астана, Алматы, Шымкент қалалары және басқа облыстар (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Түркістан, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Алматы) 5-ші сағаттық белдеуге жатады (UTC+5+ 1). ).
Уақыт белдеуінің ауысуына қазақстандықтардың көп бөлігінің (Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Ұлытау облыстарының, Жетісу, Абай, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының тұрғындары) өздерінің географиялық уақытынан бұрын өмір сүруі себеп. Яғни әкімшілік уақыт белдеуіне сәйкес UTC +6. Алайда, көрсетілген аумақтар географиялық түрде UTC+5 уақыт белдеуінде орналасқан.
Республика аумағында біртұтас уақыт белдеуін белгілеу мәселесін жан-жақты зерделеу үшін Сауда және интеграция министрлігі жанынан жұмыс тобы құрылып, құрамына 60-тан астам мүше кірді. Оның ішінде ҚР Парламент депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың көпшілігі, ғылыми институттар, медициналық жоғары оқу орындарының өкілдері және қоғам қайраткерлері бар.
Арнайы құрылған жұмыс тобы «Қазақстан Республикасындағы уақытты есептеуді зерттеудің негізгі нәтижелері» баяндамасында сағат белдеулерін реттеу немесе олардың табиғи уақытпен үндестігі халықтың денсаулығына, экономикаға, білім мен қауіпсіздік және қоршаған ортаға айтарлықтай әсер ететіні айтылған.
Атап айтқанда, қазіргі уақыт белдеуінің дұрыс болмауы халық арасында бірқатар аурулардың өршуіне ықпал етіп, шаршау, психикалық және физикалық жұмыс қабілетінің төмендеуі, ұйқының бұзылуы, ас қорыту жүйесінің бұзылуы және т.б. салдарын тигізуі мүмкін.
2023 жылдың 1 желтоқсанында есеп бекітіліп, Қазақстанда бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуін енгізу ұсынылған. Сарапшылардың пікірінше, бұл нұсқа ең дұрыс және қолайлы нұсқа және Қазақстанның бірқатар өңіріне табиғиға жақын уақытты пайдалануға мүмкіндік береді.
Баяндама негізінде «Қазақстан Республикасының аумағындағы уақытты есептеу тәртібі туралы» Үкімет қаулысына тиісті түзетулер әзірленді.
Түзетулер жобасы 2023 жылғы 22 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылау үшін көпшілікке арналған «Ашық НҚА» порталына жарияланған.