Атырау облысында жыл басынан бері 50-ге жуық мемлекеттік қызметші үстеме жұмыс жасаған. Артық еңбек еткен қызметкерлер бұл үшін тиесілі ақшаны да алмапты. Мұндай жағдайды мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысындағы департаменті анықтады.
Жалпы департамент жыл басынан бері 180 мемлекеттік қызметкердің құқығын қорғап, оның ішінде 70 қызметкердің әлеуметтік-еңбек құқығын қалпына келтіріпті.
Гаухар ЖАРАСОВА, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі АОД басқармасының бас маманы
— Департаментпен шаралардың нәтижесінде 50-ге жуық қызметшінің үстеме жұмысқа негізсіз тартылып, оларға еңбек ақы төленбеген. Нәтижесінде 1,5 миллион теңге төлемдері өтеліп берген болатын. Сол секілді мемлекеттік кірістер органдарының бір қызметшісінің өзінің жұмысынан босамай, өзге қызметшілердің артық жұмыстарын қызмет атқарып отыру фактісі анықталған.
Мемлекеттік қызметшілердің жұмысына бағалау жүргізген департамент оларға 2,5 миллион теңге бонустың төленуіне ықпал еткен. Сонымен қатар, іс сапар шығындарының дұрыс төленбегенін де әшкереледі.