CaspianLife, 16 қараша — Қазақстанда білім беру ұйымдарындағы санитарияның жаңа ұлттық стандарты бекітілді, деп хабарлайды CaspianLife.
Қолданыстағы ережелерге сәйкес, барлық мектеп дәретханаларында сабын, кептіргіш және дәретхана қағазы болуы керек. Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға арнайы инклюзивті құрал-жабдықтар орнатылады.
«Оқушылар үшін қауіпсіздік деңгейін арттыру» үшін мектептің әр қабатында қызметкерлерге арналған жеке дәретханалар, сондай-ақ ұлдар мен қыздарға арналған дәретханалар болуы міндеттеледі.
Жаңа ережелер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енбек.
Естеріңізге сала кетейік, биыл қыркүйек айында Ақтау қаласындағы №3 орта мектептің жоғары сынып оқушысы әлеуметтік желіде комиссия келуіне орай мектеп дәретханасында сабын мен дәретхана қағазының пайда болғанын айтып таң қалған видеоны жариялаған еді. Осыдан кейін оқушы қыз оқу орны басшылығы тарапынан қысым көргенін хабарлаған.