Каспий теңізінде заңсыз балық аулауға қарсы күрес жұмыстары жалғасып жатыр.
«Биыл біздің министрлік пен Ішкі істер министрлігі Жайық-Каспий бассейнінің акваториясында браконьерлікпен күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған бірлескен жоспар бекітілді. Жоспар аясында бірлескен рейдтер жүргізіліп, теңізде бақылау күшейтілді. Нәтижесінде заңсыз балық аулаған 691 құқық бұзушы әкімшілік жауапқа тартылды, 13 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, 46 қылмыстық іс қозғалды. Қорғауды күшейту үшін Жайық-Каспий инспекциясының материалдық-техникалық базасы жетілдіріліп жатыр», — деді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ОКҚ-де өткен брифингіде.
Оның айтуынша, балық браконьерлігімен күрес жұмыстары жалғасв береді.