CaspianLife, 30 қазан — Атырау мұнай өңдеу зауытының каталитикалық крекинг қондырғысында (ККҚ) жоспарлы — алдын ала тексеру жұмыстары кестеден 2 күн бұрын аяқталып (ППР) іске қосылды, деп хабарлайды CaspianLife.
29 қазанда мамандандырылған ұйымдардың қарқынды жұмылдырылуы және зауыттың профильді қызметтерінің жіті бақылауы нәтижесінде каталитикалық крекинг қондырғысы тұрақты түрдегі жұмыс режимін бастады. Енді сұйытылған мұнай газын(СМГ) өндіру қайта басталады және дизель отыны өндірісі ұлғаймақ.
Айта кетсек, қалған технологиялық қондырғыларда да жоспарлы-алдын ала тексеру жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталған. Жабдықтарды кезең-кезеңімен технологиялық режимге шығару жоспарлануда.
Кәсіпорын тұрақты жұмыс режиміне қараша айының алғашқы онкүндігінде шығады.