Ақтауда жылу маусымы басталғалы бері көпқабатты кейбір үйлердің тұрғындары дірдек қағып, бүрсеңдеп отыр. Мысалы 27-ші шағын аудан №41 үйдің тұрғындары пәтерде күртешемен жүруге мәжбүр. Ал түнде тіпті қиын дейді олар. Ыстық судың да жоқтығы жағдайды одан әрі қиындатып тұрған көрінеді.
Ал қаланы жылумен және ыстық сумен қамтитын «МАЭК» комбинаты мен «Каспий жылу су арнасы» мекемесі бәрін уақытылы жібердік, кінә пәтер иелері кооперативінен деп отыр. Бірақ олар да өздеріне шаң жуытар емес.
Ақтау қаласында көпқабатты 1217 үй бар. Қазіргі кезде олардың он шақтысы жылусыз отыр.