CaspianLife, 11 қазан — Қашаған жобасының кейбір инвесторлары өздеріне экологиялық айыппұл салғаны үшін Қазақстанның үстінен халықаралық арбитраж орталығына шағым түсіруі ықтимал, — деп хабарлайды CaspianLife энерджи монитор телеграм каналына сілтеме жасап.
Олар ел үкіметіне 5 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі экологиялық айыппұлға қатысты дау бойынша халықаралық арбитражға шағымдануы мүмкін екендіктерін хабарлаған.
Биыл қазақ билігі Қашаған кен орнының операторы North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясын кен орнында «күкіртті өте көп мөлшерде сақтады» деп 2,3 триллион теңге немесе 4,8 миллиард доллар айыппұл төлеуге міндеттеген еді. Бірақ мұнай алпауыты өздерінің ешқандай заңсыздық жасамағанын айтып, сотта жеңіп шықты. Ел үкіметі мұнымен келіспей, апелляциялық шағым түсірген болатын. НКОК-тың Eni SpA, Shell Plc,Эксон мобайл және Тотал энерджис ЭСИ секілді халықаралық серіктестіктері Қазақстан билігін айыппұл бойынша келісімге келуге шақырған көрінеді. Ал, келіспеген жағдайда халықаралық арбитражға шағымданамыз деп доқ көрсетіпті. Бұған қатысты НСОС пен Энергетика министрлігі де, компанияның серіктестіктері де әзірге ресми пікір білдірмей отыр.