Caspian Life, 9 қазан. Теміртаудағы 6636 әскери бөлімінің әскери қызметшісі өзінің басына оқ атып қаза тапты.
«Оқиға 9 қазан түнгі сағат 01.20 шамасында мерзімді қызметтегі әскери қызметші бекетте қарумен өз басына оқ атқан. Ол шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізілді. Өкінішке орай, қабылданған шараларға қарамастан, ол сағат 2.20-да көз жұмды. Аталған факт бойынша Орталық өңірдің Әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда», — деді ҚР Ұлттық гвардиясының «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Марқұм болған қатардағы жауынгер 20 жаста және Түркістан облысында туған.