CaspianLife, 5 қазан — Атырау полициясының мәліметінше, бүгінде халық көп шоғырланған жерлерде жасөспірімдердің самокат жүргізу ережесін бұзу оқиғалары жиілеп барады. Сондай-ақ, мопедтер мен электромопедтерді пайдалану тәртібі бұзылып, жол-көлік оқиғалары жиіледі, деп хабарлайды CaspianLife.
Қалада 27 қыркүйек пен 1 қазан аралығында автокөліктер мен электромобильдердің қатысуымен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Мотоцикл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Шара нәтижесінде жол қозғалысы ережесін бұзған 28 тұлғаға әкімшілік хаттамалар толтырылып, 17 мотокөлік айып тұрағына қойылды.