CaspianLife, 25 қыркүйек — ҚР Қаржылық мониториг агенттігінің мәліметінше, Маңғыстау облысында номиналы 50 доллар болатын америкалық валютаны қолдан жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды CaspianLife.
Жалған ақша жасаушыдан 3850 доллар тәркіленді.
Күдікті жалғыз жұмыс жасамауы мүмкін. Сондықтан, Қаржылық мониторинг агентігі қылмысқа қатысы бар басқа да күдіктілерді іздестіруде.