CaspianLife, 22 қыркүйек — Strategy&, a part of PwC network «Қазақстан Республикасындағы баға өзгерістерінің талдауы» атты жаңа тұрақты зерттеуінің бірінші санын шығарды, деп хабарлайды CaspianLife Kapital.kz іскерлік ақпарат порталына сілтеме жасап.
Компанияның хабарлауынша, зерттеудің мақсаты жекелеген тауарлардың, соның ішінде негізгі азық-түлік тауарлары, дәрі-дәрмек, электроника және тұрмыстық техника, құрылыс материалдары бағасының өзгеруіне қатысты нақты жағдайды көрсету.
«2022 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстанда екі таңбалы жылдық инфляция (12%) болды, инфляция 2023 жылдың ақпанына дейін 21,3%-ға жетті, содан кейін жылдық инфляция деңгейі маусымда біртіндеп 14,6%-ға дейін төмендеді.
Жылдық инфляцияның төмендеуіне қарамастан, азық-түлік бағасының талдауы 2023 жылғы маусымда былтырғымен салыстырғанда (+35%) айтарлықтай өскенін көрсетеді. 2023 жылдың алты айында құрылыс материалдарының бағасы 30%-ға өсті, ал дәрі-дәрмек пен электроника бағасы өзгермеді», — деді жоба басшысы Наталья Лим.
Зерттеу бойынша, инфляцияның жалпы төмендеуі аясында азық-түлік тауарларының бағасы биыл қаңтар айымен салыстырғанда маусымда 10%-ға өскен, ал өткен жылдың осы кезеңінде азық-түлік тауарларының жалпы өсуі 22%-ды құраған. 2023 жылдың маусымында бағаның жалпы жылдық өзгерісі 35% болды.
Жылдық көрсеткішке сай мына тауарлардың бағасы өскен: ұн (+84%), шай (+80%), айран, тан (+70%). Кейбір тауарлардың бағасы төмендеген: пияз (-51%), банан (-41%), қызылша (-33%). Импорттық тауарлардың бағасы 41%-ға өсті, оның ішінде ең ұн (+109%), шай (+97%) және сары май (+81%) қатты қымбаттаған, ал қазақстандық тауарлардың бағасы 29%-ға өсті. Бағасы ең көп өскен күріш (+84%), айран, тан (+83%) және арпа жармасы (+62%) болды.