CaspianLife, 7 қыркүйек — Түркістан облысында 5 жасар қызды зорлап, кейін аяусыз өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылады, деп хабарлайды CaspianLife.
Сот отырысы жабық режимдегі тергеу изоляторында өтті. 48 жастағы сотталушы ұзақ уақыт бойы ішімдікке салынғандықтан есінде ештеңе қалмағанын айтты.
Сот үкімі бойынша айыпталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылып, оған химиялық кастрациялау және 100 млн теңге айыппұл тағайындалды.
Айта кетейік, көптеген дене жарақатын алған қыздың денесі 13 шілде күні айыпталушының ауласынан табылған еді. Ол бұған дейін де кісі өлтіргені үшін 10 жыл түрмеде болған.