CaspianLife, 4 қыркүйек — Қазақстанда колледж студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға өсті, деп хабарлайды CaspianLife ҚР Білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Колледждерде жаңа оқу жылында 190 мың студент оқуға қабылданды, оның 133 мыңы мемлекеттік білім беру таспсырысы бойынша оқиды. Кәсіпорындардың өтінімі бойынша 10 мың студент білім алмақ.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы 50 мың орынға ұлғайды. Техникалық және кәсіптік колледж студенттерінің 75 мыңы квота бойынша оқуға түсті. Мемлекеттік тапсырыс техникалық мамандықтарға қайта бағдарланғанын атап өту керек. Олардың қатарында геология, энергетика, металлургия, машина жасау, көлік, IT, құрылыс, педагогика және медицина салалары бар. Колледж студенттерін ынталандыру мақсатында 2023 жылдың қыркүйегінен бастап шәкіртақыны біртінеп өсіру қарастырылған: 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 50%-ға өссе, 2024 жылы 100%-ға дейін жеткізіледі, — делінген баспасөз хабарламасында.
Ведомстваның мәліметінше, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жатқан студенттерге әлеуметік қолдау: шәкіртақы, тамақтану және жолақы қарастырылған. Жаңа оқу жылында колледж студентеріне арнап 2,5 мың орындық 13 жаңа жатақхана ашылмақ.