CaspianLife, 29 тамыз — Пәтер кезегінде тұрған 4000-дай атыраулық кезектен алынып тасталуы мүмкін. Оған тұрғындардың өзге облысқа көшіп кетуі немесе отбасы мүшелерінің бірі үйлі болуы себеп.
Әкімдік қызметкерлері жақын арады үй кезегінде тұрғандардың тізімін қайта қарауға кірісіпті. Ал, қазір бұл кезекте 21 мыңға жуық адам бар. Олар әлеуметтік жағдайына байланысты 5 санатқа бөлінген.
2021 жылы 133 адамға облыс орталығынан пәтер берілген. Ал былтыр жетім санатына жататын 10 шақты адамға баспана кілті табыс етіліпті. Енді биыл қала басшылығы 88 пәтерді сатып алып, кезекте тұрғандарға беруді жоспарлап отыр. Келер жылы «Талғайран» ықшам ауданында салынып жатқан үйлер пайдаланылуға берілмек. Және алдағы уақытта «Береке» ықшам ауданынан несиеге берілетін үйлер салынуы мүмкін.