Caspianlife, 15 тамыз — Мектеп формасына байланысты сұрақтарға Оқу-ағарту министрлігі жауап берді, деп хабарлайды CaspianLife
Биыл міндетті мектеп формасы өзгертілді. Атап айтсақ мектеп оқушыларына поло жейде, водалазка мен тоқылған жемпір немесе түймелері бар кардиган киюге болады. Галстук тағу міндеттелмейді. Мектеп формалары күнделікті, спорттық және салтанатты болып бөлінеді. Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы білім берудің зайырлы сипатына сәйкес келетінін еске салады.
Ұл балаларға арналған мектеп формаларына, поло жейде, футболка, пиджак, жакет, шалбар, күнделікті және салтанатты жейде, кардиган, ал қысқы кезеңде водолазка мен тоқылған жилет киюге болады. Ал қыз балалар пиджак, жилет, белдемше, шалбар, классикалық жейде, түймелері не ілгегі бар тоқылған күртеше/кардиган, поло жейде немесе футболка, қыс мезгілінде: тоқылған жилет, сарафан, водалазка киюге мүмкіндігі бар. Сондай-ақ Министрлік мектеп басшылығы мектеп формасына қойылатын талаптарда рұқсат етілген кейбір киімдерді киюге тыйым салса, ата-аналардың қайда шағымдана алатынын да түсіндірді.
Фото: informburo.kz