CaspianLife, 10 тамыз — Жайық және Қиғаш өзендерін тереңдету үшін 19 млрд.тг астам қаражат бөлінді, деп хабарлайды CaspianLife.
Қазіргі кезде өңірдегі ірі өзендер саналатын Жайық пен Қиғаш түбін тереңдету жұмысының жасалып жатқаны белгілі. Бұл мақсатқа 19 миллиард теңгеден астам қаржы жергілікті және республикалық бюджеттен бөлінген. Мұндай мәліметті облыстық құрылыс басқармасының басшылығы таратты. Тереңдету жұмысымен «Павлодар өзен порты» мекемесінің мамандары айналысуда. Басқарма басшысының орынбасары Айдарбек Зиноллаевтің сөзіне сенсек, жоспарланған шаруаның жартысы жасалған, яғни Жайық өзенінің 16, ал Құрманғазы ауанындағы Қиғаш өзені және оның арналары мен өзектерін қосқанда 50 шақырым жер тереңдетілген.
«Қазіргі уақытта қазу жұмыстарында кедергілер жоқ. Заңнама талаптарына сәйкес, мына балықтың уылдырық шашу мезгілінде қазу жұмыстары тоқтатылады. Қазір керіден жалғасын тапты. Қазір екі аумақта да жұмыстар қарқынды жүруде. Қиғаш өзенінің аумағын қазу жұмыстары келесі жылдың қаңтар-апан айларында жоспарланып тұр. Ал мына Жайық өзені биылғы жылдың соңына дейін тапсырылуы қажет, аяқталуы қажет» — деді Атырау облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Айдарбек Зиннолаев.
Фото: Baribar.kz