CaspianLife, 24 шілде – «Термомодернизациядан өтіп жатқан үйлерді қайта жөндеу қажет». Сарыарқа ықшам ауданындағы 33-інші және Сәтбаев даңғылы бойындағы 13, 32-нші үй тұрғындарының пікірі осындай, — деп хабарлайды caspianlife.kz. Олардың бұлай айтуына толық негіз бар. Былтыр басталған жұмыс жыл соңына дейін тапсырылуы керек еді. Алайда, жұмыс созылып, әлі бітер емес. Жертөлелер толық тазартылмаған, подъездердегі кафельдер сынып, электр сымдары дұрыс бекітілмеген. Кем-кетік мұнымен бітпейді. Мысалы, Сәтбаев даңғылының бойындағы 32 үйдің әр подъезіне ашылатын терезенің салынбауы, жертөледе вентилияцияның болмауы, тағысын тағы. Ал Сарыарқа ықшам ауданындағы 33-інші үйдің төбесі қоқыс алаңына айналған. Тұрғындар сапасыз жасалған жұмыс үшін 10 жыл бойы ақша төлегілері келмейді. Сондықтан, кеткен кемшілікті дұрыстап, жұмыстың сметалық құжатқа сай болуын талап етеді. Дәл осы 3 үйді жаңғырту жұмысына «Жиенбет Құрылыс монтаж» ЖШС жауапты болған. Алайда мердігер жұмысты аяқсыз қалдырса да, Сарыарқадағы 33-інші үйге 100 миллион теңгенің жұмысы жасалды деп есеп беруді ұмытпапты. Ал аталған нысанға қарастырылған қаржы 110 миллион теңгеге жуық. Бірақ, бұған тұрғындардың сенгісі жоқ. Әкімдіктегілер қалған 8 миллион теңгемен жұмысты аяқтаймыз деп отыр. Бірақ, басқа мердігермен. Ал «Жиенбет құрылыс монтажды» сотқа беріп қойған. Осылайша әкімдік әдеттегідей «жасаймыз, жеткіземіз» деп уәдені үйіп төкті. Сөздеріне сенсек, тамыз айының соңына дейін көптің мәселесін шешіп бермек. Жалпы 3 үйді термомодернизациядан өткізу үшін қазынадан 250 миллион теңгеге жуық қаржы қаралған. Тұрғындар мәселені толық шешпей тыңбаймыз, керек болса жауаптыларды сотқа беріп, сапалы жұмысқа ғана ақша төлейміз деп отыр. Және ықшам аудан аралап жүрген облыс пен қала басшылары орталықтағы үйлерді ұмыт қалдырмаса екен дейді.Погрузитесь в увлекательный мир парения с Elf Bar 600. Это элегантное, удобное устройство предлагает множество вкусов, что делает его фаворитом среди энтузиастов. Однако важно учитывать, что чрезмерное использование elf bar 600 fa male может привести к потенциальным рискам для здоровья. Наслаждайтесь опытом ответственно и исследуйте богатую палитру вкусов, которую он может предложить.