CaspianLife, 21 шілде – ҰҚК түркістандық прокурорлармен бірлесіп, еліміздегі мұнай өнімдерін заңсыз шетелге шығаратын каналдың жолын кесті деп хабарлайды caspianlife.kz. комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нақтырақ айтқанда, 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «А» арнаулы мақсаттағы қызметі Түркістан облысының прокуратурасымен бірлесіп, қазақстандық мұнай өнімдерін теңіз арқылы шығару арнасына тоқтау салды.
Қазіргі уақыта Астана, Шымкент қалаларының және Түркістан мен Маңғыстау облыстарының аумағында тиісті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Фото ҚР ҰҚК сайтынан алынды