CaspianLife, 17 шілде – Атырау қалалық полиция басқармасының 5 жедел уәкіліне Р. есімді азаматты «азаптап, қинады» деген айып тағылды деп хабарлайды caspianlife.kz.
Бұл туралы Атырау облыстық прокуратурасы хабарлады. Құқық қорғау органының жариялаған ақпаратына сүйенсек, күдіктілер осы жылдың ақпанында алдын ала сөз байласып азамат Р. есімді азаматты қылмысты мойындату мақсатында анықтаудың рұқсат етілмеген әдістерді қолданып, тән және психикалық зардап келтірді деген күдікке ілінді.21 маусымда Атырау облыстық прокуратурасы азаптаулар жасады деген күдікпен Атырау қалалық полиция басқармасының 5 жедел уәкіліне қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар бабы бойынша айып тағылып отыр.Айта кетейік, биылдан бастап азаптауға қатысты қылмыстық істерді прокуратура органдары тергейді.