CaspianLife, 9 шілде — Атырауда қамыс өртімен 100-ге жуық құтқарушы күресуде, деп хабарлайды Caspian Life.
Сонымен бірге, жалынды ауыздықтауға 15 техника, 4 мотопомпа мен МИ-8 тікұшағы тартылған.
ТЖД-нің хабарлауынша, жану аймағы ұлғайған.
«9 шілде 08:00 сағаттағы ақпарат бойынша Атырау облысында қамыстың жану аумағы 690 га құрайды. Аэровизуалды барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша ашық отпен жану ошақтары анықталмады. Алайда қамыстың бықсуы орын алуда», — делінген департамент хабарламасында.
Қазірге дейін тікұшақ көмегімен 11 рет су төгілді.