CaspianLife, 4 маусым — Маңғыстау атом электр комбинатында болған жағдайдың себебін анықтау жөніндегі облыстық комиссия құрылды, деп хабарлайды Caspian Life Caspian News телеарнасына сілтеме жасап.
Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бастаған жұмыс тобы апат болған электр станциясына барды. Қазір №1 энергоблоктағы қазандық салқындату процесінде тұр. Ол 5-ші шілдеге дейін жөнделіп, толық іске қосылуы тиіс. Нұрлан Ноғаев апаттың салдары халыққа әсер етпегенін, алайда ірі өндірістік компаниялардың экономикалық шығынға ұшырағанын атап өтті.
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен мемлекеттік комиссия құрылды. Оның төрағасы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов басқарады. Болған істің мән-жайын анықтап, қандай шешім қабылдайтыны жөнінде ұсыныс қабылдайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет МАЭК мекемесінде тәулігіне 24 000 м3 су қондырғысын салу үшін құны 28 млрд тг болатын соның биыл 10 млрд теңге бөлінді. Тұрақты жұмыс жасау үшін күрделі және ағымдағы жөндеулерді өткізу мақсатында бұл мекеменің облыс үшін маңыздылығын ескере отырып облыстық бюджеттен резервтен 2 млрд 600 млн теңге бөлдік», — деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының аумағында үш энергия құраушы станция бар, олардың әрқайсысы энергия блоктан тұрады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Атырау МӨЗ-да және Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында болған оқиғаның себебін анықтап-тексеру үшін мемлекеттік комиссия құрылып, іске кірісті.