CaspianLife, 19 маусым – Маңғыстау облысындағы колледжердің бірінде сегіз оқытушының жалған дипломмен жұмыс жасағандығын анықталды деп хабарлайды сaspianlife.kz.
Олардың бесеуі Ақтау қаласында, үшеуі Қарақия ауданында. Қазіргі уақытта барлық оқытушы жұмыстан босатылды. Қарақия ауданындағы колледж оқытушыларының бірі сот шешімімен 30 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылып, тағы үшеуі тергелуде. Төртеуіне қатысты іс амнистияға байланысты қысқартылған.2022 жылы прокуратура органдары осыған ұқсас 14 қылмыстық іс тіркеген.
Фото liter.kz сайтынан алынды