CaspianLife, 2 маусым – Ақтаудағы Приморский ауылы маңындағы жағажайда 1 жасөспірім суға батып мерт болды, — деп хабарлайды сaspianlife.kz. Тағы екі баланы тұрғындар аман алып қалған. Қайғылы оқиға туралы хабар құтқарушыларға 2 маусым күні, сағат 17:13-те түскен. Қазіргі таңда оқиға орнында сүңгуірлер жұмыс істеп жатыр»,- деп хабарлады Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті.