CaspianLife, 5 мамыр – «Автобус» акциясы аясында 100-ден астам құқық бұзушылық анықталды», -деп хабарлайды сaspianlife.kz. Атырау облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс -шара 1 — 3 мамыр аралығында қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол тәртібін қаншалықты қадағалайтындығын анықтау мақсатында өткізілген еді. Рейд барысында автокөліктердің техникалық жағдайы мен жүргізушілердің жұмыс режимін сақтау тәртібі тексерілді. Нәтижесінде жүргізушілердің мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық тексеруден өтпейтіндігі, рульде телефонды пайдаланып, жылдамдықты шамадан тыс асыру сияқты заң бұзушылықтарға жол беретіндігі белгілі болды.