CaspianLife, 5 мамыр – «Маңғыстауға соңғы 2 жылда саяхаттап келген туристер саны 6 %-ға артты», — деп хабарлайды сaspianlife.kz. 2021 жылы өңірге 29 мың шетелдік келсе, былтыр бұл көрсеткіш 41 мыңға дейін өскен. Аймақта туристер ерекше қызығушылық танытатын 200-ге жуық тарихи-мәдени орын бар. Саяхатшылар көбіне түбектің оңтүстік беткейіндегі «Бекет ата» жерасты медресе-мешіті мен «Бозжыра» шатқалына барады. Соңғы кездері Таушық ауылының іргесіндегі «Шахта», «Жалбырттың сайы», «Сартас» пен «Шақпақ ата», «Сұлтан үпі» жерасты мешіттеріне келушілер көбейген.