CaspianLife, 26 сәуір – Биыл ҰОС ардагерлерінің әрқайсысына кем дегенде 1,5 миллион теңге беріледі деп хабарлайды сaspianlife.kz.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, қазіргі уақытта елімізде екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 240 жуық ардагер тұрып жатыр. Оларға Жеңіс күніне орай материалдық көмек көрсетілмек. Әкімдіктердің ұсынысы бойынша ардагерлерге 1,5 миллион теңгеден кем емес қаржы беріледі деп жоспарланып отыр.
Фото tengrinews.kz сайтынан