CaspianLife, 26 сәуір — Махамбет ауылындағы «Мерей» ықшам ауданы мен Жалғансай ауылындағы «Жаңа» мөлтек ауданында электр желісі мен көше жарығын жүргізу жұмыстары басталды деп хабарлайды сaspianlife.kz. Махамбет аудандық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Алтынбек Қуанғалиевтің айтуынша, жобаның құны 3,5 млрд тг. Бұл жұмысқа «Гранд Мастер» ЖШС жауап береді. Мекеме бұл жобаны 8 айдың ішінде аяқтауы тиіс. Жоба бойынша жаңа қосалқы станция құрылысы, жоғарғы кернеулі 110 кВт қуат алатын электр желісі және 10 кВт қуат беретін желісі қамтылған. Аталған желінің жалпы ұзындығы 137,5 шақырым болса, оның ішінде Жалғансай бойынша 11,5 шақырым, Мерей мөлтек ауданы бойынша 63 шақырым.
«Көшені жарықтандыруға кететін электр энергиясы үшін жыл сайын округтің 4 млн. 650 мың теңге, ал күтіп ұстау үшін 500 мың теңге қаражаты жұмсалады. Алайда, осы орнатылған көше жарық шамдарының барлығы бірдей тұрақты жанып тұрады деп айтуға тағы болмайды. Өйткені, электр шамдары жиі істен шығады. Ай сайын шамамен 5 шам, кейде одан да көп ауыстырылады. Электр қуатын үнемдеу және жарық шамдарын тиімді пайдалану үшін алға қарай көше жарығын светодиодты шамдарға ауыстыруды жоспарлап отырмыз»,- деді Жалғансай ауылдық округінің әкімі Ғибрат Мырзағали.